Физика-информатика пәндерінің апталығы » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Физика-информатика пәндерінің апталығы
08
март
2022

Физика-информатика пәндерінің апталығы


Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп –гимназиясында 2021-2022  оқу жылының 01-07 наурыз күндері аралығында өтілген физика –информатика пәндерінің апталығының болып өтті

2022 жылдың 01 наурызында «Физика – информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты болды. Апталықтың ашылу барысы «Алғыс айту» күніне орай келгендіктен оқушылардың анаға, отанға, ұстаздарға алғыс айтуынан басталды. Келесі кезекте оқушылардың ізденіп жүрген тақырыптары бойынша баяндама оқылды. Оқушылардың баяндамаларын таныстыру мақсатында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Ғылыми  жоба» жұмыстарына дайындық жасап жүрген оқушылар қатысты. Өздерінің ізденіп жүрген тақырыптары бойынша баяндама оқыды атап айтар болсам 10 «А» сынып оқушысы Алпысбай Құрмет «Әлеуметтік желілер» тақырыбында, 7 «Ә» сынып  оқушысы Анарбай Мадина «Шексіз ғарыш әлем» тақырыбында, 7 «Ә» сынып оқушысы Балтабай Асылзат «Архимед заңы» тақырыбында, 4 «Ә» сынып оқушысы Нысанбай Айзере «Компьютердің шығу тарихы» тақырыбында, 4 «В» сынып оқушысы Жақсылық Інжу «Ақпарат түрлері» тақырыбында, 8 «В» сынып оқушысы Дүйсенбек Бақытжан «Тесла Катушкасы» тақырыбында баяндама оқыды.Апталықтың ашылу салтанаты акт залда жалғасын тапты. Ұстаздар мен оқушыларға физика және информатика пәні бойынша бейнебаян көрсетілді. 

Апталықтың ашылу кешіне мектебіміздің ұстаздары мен 8-11 сынып оқушылары қатысты. Кешті физика –информатика пәні мұғалімдері бірігіп отырып ұйымдастырды.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың информатика  мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек дей келе апталық барысы ашық сабақтар және сыныптап тыс іс - шаралармен жалғасын тапты.






Похожие публикации:

27 февраль 2022 Оқу жоспарлары
27 февраль 2022 Жеке даму картасы