Мектепке дейінгі тәрбие » Страница 3 » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ілияс оқуларының» мектепішілік кезеңі
18
октябрь
2024
«Ілияс оқуларының» мектепішілік кезеңі
    Қазан айында Республикалық «Ілияс оқуларының» мектепішілік кезеңі өткізілді.Байқау мақсаты: оқушылар арасында Жансүгіров шығармаларын насихаттау,олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, дарындарын анықтау, поэзияға деген құштарлықты арттыру,өлең сөздің құдіреті мен қуатын түсіндіру.Байқау үш кезең бойнша өткізілді: «Ілияс- эпик ақын»- ақын поэмаларын жатқа оқу «Сұлу сөздің сүлейі»- ақын өлеңдерін жатқа оқу «Ағынды менің - Ақсуым»- ақынға арнап жазылған шығармаларын оқу.
«Менің сүйікті қалам» атты тақырыпта мектеп оқушылары арасында  сурет байқауы
11
октябрь
2024
«Менің сүйікті қалам» атты тақырыпта мектеп оқушылары арасында сурет
   «Менің сүйікті қалам»  атты тақырыпта мектеп оқушылары арасында  сурет байқауы өткізілді.Байқауға 5-6-7 сынып оқушылары қатысып өз қаласы туралы салған суреттерін ұсынды.Оқушылар суретті кескіндеме, графика текникасында орындады. Жақсы деп танылған суреттер мектепішілік көрмеге қойылды. 
"Ұшқыр ой" дебат клубының ұйымдастыруымен "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы" тақырыбында  пікір-сайыс өтті.
22
сентябрь
2024
"Ұшқыр ой" дебат клубының ұйымдастыруымен "Жаңа Қазақстанда ақындар
    22-қыркүйек күні Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында  "Ұшқыр ой" дебат клубының ұйымдастыруымен "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы" тақырыбында пікір-сайыс өтті. Халқымыздың көнеден жібі үзілмей келе жатқан өнердің бірі-айтыс. Осынау ұлы мұраны насихаттау мақсатында "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени ағартушылық жоба аясында пікір-сайыс ЛД (Линкольн-Дулгас) форматында жүргізілді. Пікір-сайыс барысында әр спикері өз ойларын ортаға салып, ойын алаңын ашты. Бірі байырғы
Мектепішілік «Махамбет оқулары »сайысы өтті.
19
сентябрь
2024
Мектепішілік «Махамбет оқулары »сайысы өтті.
    Махамбет Өтемісұлының ерлік өмірі мен жалынды жырларын  жастарға насихаттау мақсатында қыркүйек айында Мектепішілік «Махамбет оқулары » сайысы өтті.Ақын жырлары арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін ояту,отаншылдық  рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа оқушылар қызығушылықпен қатысты.Сайыс қорытындысы бойынша : 1-орын 7 а сынып оқушысы Мақсұт Алихан 2-орын 9 б сынып оқушысы   Үсен Нұрислам,5 ж сынып оқушысы Тәжібай Айару 3-орын 8 з сынып оқушысы   Оразмахамбет
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» атты мерекелік концер
02
сентябрь
2024
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» атты мерекелік
  «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл»  атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.Мектеп оқушылары патриоттық әндер мен әсем билерін билеп өнер көрсетті.Ақындардың туған елге ,жерге арнаған өлеңдерін оқыды.
ЖОБА ЖОСПАРЫ (Бүгінгі көшбасшы – ертеңгі ел болашағы)
02
сентябрь
2024
ЖОБА ЖОСПАРЫ (Бүгінгі көшбасшы – ертеңгі ел болашағы)
Тақырыбы: Бүгінгі көшбасшы – ертеңгі ел болашағы  (Сыни ойлау мен көшбасшылық дағдыларын дамытуға арналған мектепішілік пікірсайыс жобасы) ХХІ ғасыр – білім мен бәсекенің заманы. Бүгінгі оқушы – ертеңгі экономиканы, саясатты, мәдениетті басқаратын азамат. Ал мұндай жауапты міндетке дайын болу үшін жастар тек жақсы оқып қана қоймай, өз ойын еркін жеткізе алатын, логикалық ойлайтын, шешім қабылдай алатын көшбасшы болуы тиіс. Осы қасиеттердің бәрін дамытуға ықпал ететін тиімді құралдың бірі –