«Ж. Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы» КММ Мектеп педагог-психологтарының 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыс есебі
«Ж. Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы» КММ
Мектеп педагог-психологтарының 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыс есебі
- 2022-2023 оқу жылында Педагогикалық-психологиялық қызмет құжаттарын дайындап, психологтың жылдық жоспарын жасап бекітіп, іс құжаттар реттелді.
2022-2023 оқу жылы. «Білім алушы, педагог қызметкер, ата-ана арасындағы психологиялық
саулығын сақтау және жан дүниесін дамыту қамтамасыз ету » мақсатында 2022-2023 оқу
жылында педагог-психологтар мына төмендегі жұмыстар атқарылды.
Оқу жылында жалпы оқушы саны: 2022 оқушылар білім алуда.
- Мектеп бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылардың және арнайы түзету сыныптарын ашу мақсатында ата-аналарға түсініктеме жұмысын жүргізіліп, жеке құжаттарын ата –анамен байланыс жасай отырып, ПМПК мекемесіне ата – анасымен оқушыларды апарып 2022-2023 оқу жылына қорытынды анықтамасын алып, соның негізінде мектепішілік бұйрығы шығарылып оқу жылында 26 оқушы үйден оқытылып жатыр.
20 оқушы түзету-дамыту арнайы сыныбында оқытылуда.
3 «з» сынып жетекшісі Г.Керимшеева
4 «к» сынып жетекшісі Д.Ділдабаева
- Педагогикалық ұжым арасында психологиялық қызмет туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- 1-сынып оқушыларынан «Мектепке психологиялық даярлық деңгейі» бойынша зерттеу жұмыстар алынып, мониторинг жасалды.
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін анықтау
Әдістеме: ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті, есепке жүйріктілігі, зейіні.
Мерзімі: 5-12/09. 2022 жыл
№ | сынып | Мұғалімнің аты-жөні | Толық жетілгендер | Орташа жетілгендер | Төмен жетілгендер |
1 | 1 «а» | Мамыр Гүлнар | 72% | 28% | 0% |
2 | 1 «ә» | Бисенбиева Күләйна | 60% | 36% | 4% |
3 | 1 «б» | Рысдаулетова Роза | 86% | 14% | 0% |
4 | 1 «в» | Жиенбаева Айләззат | 64% | 36% | 0% |
5 | 1 «г» | Тулентаева Ақнұр | 58% | 42% | 0% |
6 | 1 «д» | Әсетова Шахи | 65% | 27% | 8% |
7 | 1 «е» | Абишева Асима | 52% | 40% | 8% |
8 | 1 «ж» | Бисенбиева Айша | 48% | 39% | 13% |
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін анықтау
Мерзімі: 2-12/09.2022 жыл
сынып | Мұғалімнің аты-жөні | Оқиды | Әріптерді таниды | Әріптерді толық танымайды | Әріптерді танымайды |
1 «а» | Мамыр Гүлнар | 40% | 32% | 20% | 8% |
1 «ә» | Бисенбиева Күләйна | 42% | 14% | 22% | 23% |
1 «б» | Рысдаулетова Роза | 69% | 15% | 12% | 4% |
1 «в» | Жиенбаева Айләззат | 48% | 40% | 4% | 8% |
1 «г» | Тулентаева Ақнұр | 42% | 31% | 8% | 19% |
1 «д» | Әсетова Шахи | 28% | 36% | 24% | 12% |
1 «е» | Абишева Асима | 20% | 24% | 32% | 24% |
1 «ж» | Бисенбиева Айша | 22% | 30% | 13% | 35% |
- Мектепке жаңадан келген оқушылармен және 5 сынып оқушыларының бейімделуін анықтап оқушыларға кеңестер беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Тәуекел топты анықтау мақсатында «Кабинеттік талдау» жұмыстары
Әлеуметтік педагогтың мәліметтері. Оқушының әлеуметтік жағдайы (статусы), ата-анасының
ажырасқандығы, әкенің немесе ананың қайтыс болғандығы, өгей әке, өгей анамен бірге
тұруы, отбасында суицид орын алуы, тұрмыстық жағдайы.
Мектеп инспекторының тіркеудегі отбасылар тізімі. Ата-анасының аты-жөні, есепке
алынған күні, есепке алудың себебі.
Мектеп инспекторының тіркеудегі оқушылар тізімі.
Медбике толтыратын тізім (Д-есебі). Денсаулығына байланысты тіркелген оқушылар тізімі
алынды.
Тәуекел топты анықтау мақсатында «Далалық зерттеу» жұмыстарын жүргізу мақсатында
- «Сауалнама» әдістемесі
- «Менің отбасым», «Менің ең жақын досым», «Менің арманым» тақырыптарында эссе
жазылды.
Осы екі кезеңдік зерттеудің нәтижесінде Тәуекел топтың жасыл деңгейіне 5-11 сынып
арасында 159 оқушы, сары деңгейге 56 оқушы тіркелді. Тәуекел топқа тіркелген
оқушылармен «Аутдеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» мақсатында жеке жұмыстар
жүргізіліп жатыр.
Сынып жетекшінің әлеуметтік желілердегі талдауы. Оқушылардың әлеуметтік желілердегі
парақшаларындағы байқалған белгілері, ойынқұмарлық, махаббат т. с. С
- Аутодеструктив, құқықбұзушылық, ерте жүктілік орын алған отбасылардағы оқушылар тізімі алынып бірлескен жұмыстар жүргізілді. Девиантты мінез-құлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тәуекел топқа тіркелген оқушылардың сынып жетекшілері арқылы бақылап байланыста болып жеке жұмыстар жүргізілді.
«Буллинг» дегеніміз не? тақырыбында 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынып
қорытындыланды. Сынып жетекшілер сауалнама қорытындысымен таныстырылды.
- 5-сынып оқушылардының психологиялық қалыптасу деңгейі. Орта буынға келген оқушылармен жұмыс: Орта буынға бейімделуі, оқушылардың пәндерге, мұғалімдерге деген қобалжуын анықтау сауалнама алынды. «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын» психологиялық тренинг жүргізілді.

- «Айзенк» әдісі бойынша 1-11 сыныптардың темперамент типтері анықталды, мониторинг
жасалды.
- Бастауыш сынып оқушылармен психодиагностикалық жұмыстар. Зейінді дамыту және
түзету. «Графикалық диктант» 1- 6 сыныптар жүргізілді.
1-6 сынып оқушылардың таным процесі бойынша (есте сақтау, ойлау, зейіні)
анықталды.
- 5-11 сынып оқушыларымен «Мазасыздық шкаласы» әдістемесі бойынша сауалнама алынып, оқушылардың оқуға, қарым-қатынасқа, өзіне байланысты мазасыздану анықталған оқушылармен жеке кеңес беріліп, алдын-алу жұмыстары жүргізілді.
- «Буллинг дегеніміз не? 5-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысы жүргізіліп, сауалнама алынды. Сауалнаманың қорытынды мониторингісі жасалды.
- «Кәсіптік бағдар» бойынша психодиагностикалық жұмыс. 11 сынып оқушыларының «Мамандық таңдауға дайындығын» анықтау сауалнамасы алынды.
- «Дін өзекті мәселе» тақырыпта жұмыстар жүргізілді.
- «Дж.Голланд» әдісі бойынша мамандыққа бейімділігін анықтау сауалнама алынды, алдын алу жұмыстары жүргізілді.
- Сенім шәшігіне түскен хаттар тіркелді.
- Сұраныс бойынша келген оқушылармен, жеке жұмыстар жүргізілуде.
- 5 сынып оқушылардың ата-аналарымен жиналыс ұйымдастырылды. Ата –аналарға «Бала біздің болашағымыз» видиороликтер көрсетілді. Ата-аналарға «Кедергілер» жаттығуы, психологиялық кеңестер берілді. Соңында ата-аналар видиоролик және өткізілген жаттығуларға өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.
- 2006 жылы туылған 46 оқушымен психологиялық жұмыстар жүргізіліп, военкаматқа баруға мінездеме жазылды.
- Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша медбикелермен бірлесе отырып 8-9 сынып қыздарын генеколог мамандарымен кездесу өткізіп оқушылармен сұрақ – жауап жүргізілді.
- Таным процесі бойынша 1-6 сыныптардың зейіні мен есте сақтау қабілеттері анықталып мониторинг жасалды.
- «Бес терек» жобасы бойынша тәуекел топқа тіркелген 215 оқушы. Алдын алу мақсатында 215 оқушыдан «Сенім мен көңіл күй» атты сауалнама жұмысы алынды, нәтижесінде депрессияға ұшараған оқушы жоқ.
- «Қабілет жобасы» бойынша 10-11 жастағы оқушылардан 50 оқушы тіркелді.
- Мұғалімдерден «Педагогикалық қабілетті» анықтау мақсатында сауалнама алынды. Нәтижесінде педагогикалық қабілеті төмен мұғалімдер жоқ.
- «Ерте жүктіліктің алдын алу» және «Зорлық – зомбылықтың алдын алу» мақсатында генеколог маманмен бірге 9-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстар, слайд, видиороликтер көрсету арқылы қыз балаларға зиянды жақтарын кең көлемде түсіндіріліп, жүргізілді.

- «Жасөспірімдер арасында АҚТҚ, ЖҚТБ алдын алу» бағыты бойынша сауалнама алынып, мониторинг жасалды.
- ҰБТ-ке оқушылардың психологиялық дайындығы бойынша сауалнама алынды, оқушылардың ҰБТ ға қанша пайыз дайындық деңгейлері анықталды.
- Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау жөніндегі ойларын анықтау жұмыстары жүргізілді.
- Мектепішілік есепте тұратын оқушылармен жеке психодиагностикалық алдын алу жұмыстары жүргізілді, әр оқушыға жеке картатека құжаттыры арналды.

- 10-11 сынып оқушыларын «Әскери комиссариатқа оқушыларды алып барылды. 3- оқушы денсаулықтарвна байланысты күәлік ала алмады.
- Бастауыш сынып оқушылардың «Жазу каллеграфиясы» анықталды
- «Менің сынып жетекшім» 5-6 сынып оқушыларынан сауанама алынды.
- «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша іс шара ұйымдастырылды. Оқушыларға слайд, тренинг арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

- 7 «з»сынып оқушылармен «Мен және менің достарым» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылды. Оқушылардың бір- бірімен қарым-қатынасын түзету мақсатында тренинг жұмыстары жүргізілді.

- Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата –аналарымен байланыста болдық.
- Сұраныс бойынша келген оқушылармен жеке жұмыстар, түзету-дамыту жұмыстары дер кезінде жүргізіліп отырылды.
- Сынып жетекшілермен жүргізілген жұмыстар нәтижелерімен таныстырылды.
- Бастауыш сынып мұғалімдерімен психологиялық тренинг жүргізілді.
- 5-11 сынып оқушылардың пәндерге қызығушылық деңгейі анықталды. Қиналып жатқан пәндері, ұнайтын пәндері, мүлдем ұнамайтын пәндері жайлы ақпаратармен таныстым.
- Жасөспірімдер арасындағы суицидальді мінез-құлықтың себептері мен болдырмау жолдары» тақырыбын «Өмір – сен маған қымбатсың» атты тақырыпта жоғары сынып оқушылармен іс-шара ұйымдастырылды. Оқушыларға видиоролик, слайд, өмір жайлы сұрақтар, тренингтер жүргізілді.

- 5- 11 сынып оқушылардың «Социометрия» әдісі алынды. Оқушылардың арасынан көшбасшы, көпшілікке ұнайтын, топтың құрамындағылар, шеттетілген оқушылар анықталды.
- 5- 11 сынып оқушыларынан «Интернетке тәуелділік» сауалнама алынды.
- «Мұғалім, оқушы қарым – қатынасы. Мұғалімнің этикасы сауалнама алынды.
- Сенім жәшігіне түскен хаттармен жұмыс.
- 6 «г» сынып оқушылармен «Қыз қылығымен көрікті» тақырыпта сабақ өтілді.

- «Ата-ана мен ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту» тренинг.
- Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата –аналарымен байланыста болдық.
- Сұраныс бойынша келген оқушылармен жеке жұмыстар, түзету-дамыту жұмыстары дер кезінде жүргізіліп отырылды.
- Сынып жетекшілермен жүргізілген жұмыстар нәтижелерімен таныстырылды.
- 6-7 сынып қыздарымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты іс шара ұйымдастырылып, қыздарға тренинг, түсіндірме жұмыстары ж.ргізілді.
- Орта және жоғары сынып оқушылармен жұмыс: «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар», « Қызым қызғалдағым.ұлым ізгі арманым» тақырыбында оқушылармен пікірталас өткізу.
- ПМПК ға (медициналық – педагогикалық комиссия) баратын балалардың үйлерін аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

- «Мұғалімдермен жұмыс: «Лайктайм» ойынына шақырамыз.
- «Дос болайық бәріміз» оқушылармен тренинг
- «Мен және менің достарым» оқушылармен тренинг

- «Бала құқығы, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында жоғары сынып оқушылармен жұмыс жүргізілді.
- Шеттетілген оқушылармен жұмыс. Сыныптарда шеттетілген оқушылар жоқ.
- Ата –аналармен жұмыс: «Ел ертеңі-жас ұрпақ отбасындағы балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу «Салауатты болашақ» тақырыбында іс шара өтілді.

- 7 «в» сынып оқушысы Ардаққызы Әлкаусарды мінез-құлқында өзгерстердің бұзылуына байланысты күнделікті бақылауға алу, психодиагностикалық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
- «Дайындық топ» оқушыларымен психодиагностикалық зерделеу жұмыстар жүргізу.
- ҰБТ ке баратын оқушылармен жұмыс: «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз!» психологиялық алдын алу жұмыстары жүргізілді.
- ПМПК-ға (медициналық-педагогикалық комиссия) 1-11 сыныптардың оқушылардың ата аналарымен бірге келесі оқу жылына тексеруден өткізілді.
- Бастауыш сынып оқушылармен жұмыс: Оқушылардың білім деңгейін анықтау (сауаттылығы) жұмыстары жүргізілді.
- Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар ата-аналарымен үнемі байланыста болып баланың күн тәртібін ұйымдастыру және бақылау туралы кеңестер берілді.
- «Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу» мектепішілік есепте тұрған оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.
- Бастауыш сынып оқушылардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылып, ата-аналарға және оқушыларға психологиялық тренингтер жүргізілді.

- Орта буындағы қыздармен кездесу: Оқушыларға өмірде кездесіп жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында қыздардың жүріс-тұрысы, тазалығы, әлімжетті болдырмау, зорлық-зомбылықтың алдын алу негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

- «Дайындық топ» оқушыларымен психодиагностикалық зерделеу жұмыстар жүргізілді.
- Басауыш 4 сынып оқушыларымен психодиагностикалық жұмыс. Орта буынға көшуіне дайындық деңгейі анықталды.

- 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
- Келесі оқу жылына жоба жоспар түзу.
Ұсыныс:
- Ата-ана баламен үнемі қарым – қатынас жасау, оны өзінің жеке ойымен жалғыз қалдырмау, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігін туғызу.
- Әрбір сынып жетекші, пән мұғалімдері әрбір оқушының мінез ерекшелігін, қабілеттерін ескере отырып мүмкіндіктеріне қарай тапсырмалар беру.
- Сынып жетекшілер оқушылар отбасын зерделеу арқылы ата-анамен тығыз байланыста болу.
- «Бестерек» жобасы бойынша анықталып тәуекел топқа тіркелген оқушылармен үнемі байланыста болып жұмыс жүргізу.
Педагог-психологтар: М. Жунайтова
А. Оразбек