"Дублёр күні"
Түркістан облысы білім басқармасының қосымша білім беруді дамыту орталығының 20.09.2023 № 45 хатына сәйкес, мектептегі өзін – өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін – өзі басқару күні ұйымдастырылды.Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы жас ұрпақ.Мектебіміздің оқушылары ұстазға деген өздерінің құрметін білдіріп, азаңғы сабаққа келе жатқан мұғалімдерді әсем әуенмен күтіп алып құттықтады.Әр бір өзін – өзі басқару ұйымының мүшесі пән мұғалімдерінің сабағын алмастырып орнына сабақ берді.Мектебіміздің оқушылары танымдық қызығушылығы артып, ұстаздық жол ауыр екенін білді.Мектеп директоры Бесимбаев Уалихан Қамбарұлы өзін – өзі басқару ұйымының жұмысын жоғары бағалап құттықтады. «Дублер күні» барысында мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтап, ұйымдастырушы педагог М.Усеновтың ұымдастыруымен, концертік бағдарламаға жалғасты.
