Алғыс айту күні » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2022

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Біздің Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп гимназиясының оқушылары да алда келе жатқан осы айтулы күннен қалыс қалмай «Алғыс айту күніне» отбастарына, аяулы ұстаздарына, Қазақстан халқына мерекелік құттықтау, бір-біріне деген ыстық ықыластарын ризашылық сөздерімен «Алғыс айту» марафонын бастап кетті. Қабыл алыңыздар!!!

Алғыс айту күніне орай жаныма жақын жандарға, дос-жаран, туған-туыстарға, анашым мен аға-іні, бауырларыма, әпкелерім мен сіңілілеріме, әріптестеріме шын жүректен алғыс айтқым келеді. Әрбір отбасына амандық, саулық тілей отырып, «Алғыс айту күні құтты болсын!» демекпін. Сыйластығымыз артып, көңіл-күйіміз жоғары болып, денсаулығымыз мықты болсын! Баршаңызға Жаратқан ием жар болып, арман, тілек, мақсаттарыңыз орындала берсін!

#Түркістан

#Адамиәлеуеттідамытубөлімі