22
сентябрь
2023
«МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ
«МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІНІҢ ОН КҮНДІГІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Түркістан қаласының білім бөлімінің хатына сәйкес 2023жылдың 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдер мен оқушыларна арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында онкүндік іс-шара ашылды. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеубеков Бексұлтан ағай сөз сойлеп, тіл мерекесінің тарихы туралы айта өтті. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бұл мереке1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылы ҚР президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйектің 22 – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. 2017 жылы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тілдер күнін 5-қыркүйек деп бекітті. Сол күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Мерекелік датаның сол күнге ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі. Бірлестік жетекшілері іс-шара барысымен таныстырып, концерттік бағдарламамен жалғасты.
