«Ұлттық рух -Тәуелсіздік тірегі» атты іc-шара
Тәуелсіздігінің 32 жылдығы құтты болсын!
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп - гимназиясында 15.12.2023ж күні 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарлама «Ұлттық рух -Тәуелсіздік тірегі» атты іc-шара өттілді. Мақсатымыз: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
#gani.beisembayev



