1-ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
1-ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
1- қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп- гимназиясында жаңа 2023 - 2024 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты жиынды Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Оразбеков Байдулла Жұмадуллаұлы және Түркістан қалалық маслихат депутаты Арыстанов Жандос Жұмадуллаұлы ашып берді. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан оқушыларды мерекелерімен арнайы құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Салтанатты іс - шараға мектеп директоры Бесимбаев Уалихан Қамбарұлы және ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Жиын аяқталған соң оқушыларға тәрбие сағаттары өтілді. Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!



