"ЖАС САРБАЗ - МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС
"ЖАС САРБАЗ - МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы Түркістан қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Түркістан қаласы және Сауран ауданынынан төрт каманда қатысып «Жас сарбаз- мәңгілік ел ұланы» атты әскери-патриоттық сайыстың марапаттау іс-шарасы өттілді. Мектебіміздің оқушылары өздерінің шеберлігімен , ептілігімен және мықтылығымен бас жүлдеге ие болды. Оқушылар сарайында жеңімпаз командаларды арнайы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Манапов Ерлан Қалмаханұлы, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлына және Сауран ауданы мәслихатының төрағасы Байсбаев Сержан Ермекбайұлы, Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы полковник Нуржанов Дилмурад Абдурашитұлы, Түркістан облысы «Ауған соғысының ардагерлерінің» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегімов Тұрғанбек Әшірұлы, Түркістан облысы бойынша Таулы Қарабахтағы соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәрібаев Махмуд Үсенович қатысып, марапатталды.
Бас жүлде – Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп - гимназиясының оқушылары (150 000теңге)
1 орын – Түркістан қаласы №28 мектеп лицейінің оқушылары (100 000теңге)
2 орын – Сауран ауданының Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары (75 000теңге)
3 орын – Сауран ауданының Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары (50 000теңге)
Марапаттарыңыз құтты болсын ЖАС САРБАЗДАР.!!

