Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар жиналыс
«Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18.09.2023 жылы қала прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын- алу мақсатында 8-11-сынып оқушылары, ата-аналары мен ЮПТ инспекторы Қоңырбай Дархан және қала прокурорының орынбасары Ералиев Мақсат мырзаның қатысуымен жиналыс болып өтті.Жиналысты мектеп директоры Бесимбаев Уалихан Қамбарұлы ашып берді. Ата-аналар мен оқушыларға бала тәрбиесіндегі отбасылық қадағалау жасаудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртібімен таныстырды.
Түркістан қаласы прокурорының орынбасары Ералиев Мақсатқа сөз барысында, балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеулерін, қазіргі таңда қадамдарын ойланып басуларын айтты. Оқушылар арасындағы орын алып жатқан «әлімжетікке » , «зорлық-зомбылыққа» тоқталып отырып, келешекте өмірлеріңе балта шаппау үшін, тура жолмен жүру керектігін айтып өтті.
Қала мектептерінде орын алған құқықбұзушылық әрекеттер туралы айта отырып, ата-аналарға келеңсіз жағдайлардың алдын-алу жұмыстарын насихаттады. Оқушыларға «Үзілген үміт» бейнеролигін көрсетті. Бейнеролик бойынша оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.Құқықбұзушылықтың алдын-алудағы ата-аналардың жауапкершіліктері туралы ескертіп, өз балаларының кешкі уақытта қайда жүретінін бақылап, балаларының тәрбиесіне қатаң қарау туралы айтып өтті.Түркістан ҚПБ, ЖПҚ, ЮПТ Упи полиция лейтинантты Қоңырбай Дархан «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» бойынша айтып, ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеубеков Бексұлтан мектептің 22-23 оқу жылына тоқталып жетістіктері туралы және мектептің ішкі тәртібін таныстырып айта өтті. Жиналысты қорытындылай келе мектеп директоры Бесимбаев Уалихан Қамбарұлы «Тәрбиелі жастар-қауіпсіз қоғам » тақырыбында ата-аналарға бала тәрбиесінде отбасының тұрмыс-тіршілігіндегі өмірлік ұстанымдарының келеңсіз жайттардан аулақ болу. Тәрбиенің бастауы-отбасы, ұл-қыздарымызға саналы тәрбие мен нақты білім алуларына бірлесе отырып, жұмыс жасау керектігін айтты.

