«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Түркістан облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 14.03.2025 жылғы №418 хатына сәйкес 18 наурыз күні сағат 15-00 де Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия базасында бөлімге қарасты мектептердегі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мына төмендегі қонақтар қатысты:
Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы «Тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының» әдіскері Басқараева Рапия Тоқтабайқызы.
Түркістан қалалық білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Сейдазимова Алтынай Нұрлыбекқызы. Түркістан қалалық полиция басқармасының Жасөспірімдер инспекторы ювеналды полиция тобының полиция лейтенанты Перне Ердаулет.
Түркістан қаласының құрметті еңбегі сіңген азаматы, Бекзат мөлтек ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Әкелер мектебінің» төрағасы Сыздықов Төрәлі Мүсірәліұлы. Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының директоры Кенжебаева Тоғжан Жаңбыршықызы. «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбы толық қанды талқыланып, алдағы уақытта қандай жұмыстар жүргізетіндігі жоспарланды. Дөңгелек үстел барысында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілді.




