Мектеп ауласына ағаштар отырғызып және тазалық жұмыстарын жүргізді
19 наурыз наурызнаманың жаңару күні. Бұл күн – ежелден халқымыз үшін рухани және табиғи жаңғырудың белгісі болған.
Жаңару күні – тек табиғаттың емес, адамның да ішкі жан-дүниесінің тазаруы мен жаңғыруының нышаны. Осы күні ата-бабаларымыз үй ішін тазартып, жүректерін де кірбіңнен тазартқан. Бұл күнді «Жаңа өмірге қадам басу» деп те атайды.
Наурызнама күнтізбесіндегі әрбір күннің өзіндік мәні бар. Мектебімізде оқушылар мен қызметкерлер жаңару күніне өз үлестерін қосып, мектеп ауласына ағаштар отырғызып және тазалық жұмыстарын жүргізді. Жаңару күні – өткенге салауат айтып, болашаққа тың серпінмен қарау күні. Қыс бойы тұншығып жатқан табиғат оянып, көктемгі күннің нұры жерді жылытса, адамзат та өз өмірінде жаңа парақ ашуға дайындалады.
Бүгін жақсы ой ойлап, жақсылық тілеңіз. Жақындарыңызбен жылы лебіз бөлісіп, алдағы күндерге жоспар құрыңыз. Себебі Жаңару – әрбіріміздің өмірімізге жаңашылдық пен жаңа қуат сыйлайтын сәт!


