"Адалдық сағаты" өткізілді
«Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы» КММ-де Түркістан қаласының білім бөлімінің №15/01-01/3213 хаты негізінде 28.09.2023ж .күні «Адалдық сағаты» өткізілді. Оқушылардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, шыншылдық қасиеттерін сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында 1-11 сыныптар аралығында «Адалдық сағаты» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, сынып сағаттарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Тлеубеков пен Н.Оразгелдиева қатысты. Оразкүл Асанғазықызы қоғам қайреткері, ұлт және тіл жанашыры дайындаған бейне роликтер көрсетілді.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша пара беруші де, алушы да қылмыс бұзған болып саналатындығы, Заң талаптарына сәйкес жазалануы, 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойғандығы, Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдағандығы туралы мәселелер сөз болды. Тәрбие сағатты адам бойындағы асыл қасиеттер адалдық,парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтары туралы сұрақ- жауап арқылы қорытындылады.

