"Жасөспірімдер іс-шарасы" атты тақырыпта 9-11 сынып оқушылары арасында жиналыс
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында 16.10.2023 ж күні «Жасөспірімдер іс-шарасы» атты тақырыпта 9 - 11 сынып оқушылары арасында жиналыс өтілді. Жиналысқа Түркістан ҚПБ ППБ командирінің орынбасары полиция капитаны Д.Жүрсінбаев ЖПУ УПИ полиция капитаны Абилдаев Алмас , ЮПТ учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Д.Қоңырбай қатысты. Жиналыс барысында «Электрлі самокат» , «Құқық бұзушылықтың алдын-алу», «Түнгі рейд» тақырыбы бойынша баяндама оқылып, бейнероликтер көрсетілді. «Электрлі самокат» жүргізудің өзіндік ережесі бар, егерде электрлі самакатпен адам қағып кетсе денсаулығына зиян келтірсе жаза қолданылады. Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев электр самакаттың ережесін бұзған жағдайда шара 5 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады.Жеке компаниялар жалға беретін электр самакаттың жылдамдығы автоматты түрде бақыланады. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары сабаққа электрлі самакатпен баратын оқушылар кездеседі.Кейбір ата-аналар баласының немен айналысып жүргенін,сабаққа барған-бармағанын да білмейтіндері бар.Егер электрлі самакатпен ұсталған жағдайда ата-анаға айыппұл салынатындығы айтылды.
«Құқық бұзушылықтың алдын-алу» бойынша мектеп оқушылары сабаққа бармай көшеде, базарда, компьютер ойындарында жүретінін, ата-аналары ондай ойынханаларда жүргендігі жайлы бейхабар екендігі анықтап айтты. Кейбір мектептерде жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына өктемдік жасап, ақшаларын, қымбат заттарын, алып қойып, оларды үйіне қайтып бара жатқанда тосып тұрып ұратынын, мектептегі сабақты тастап, сабаққа уақытылы кірмей, ұялы телефонды калидорда қойып жүретіндігі, өздерінің жеке жұмыстарымен айналысып жүретіндігі ескертілді.
«Түнгі рейд» тақырыбы бойынша рейд жылда кесте бойынша жүреді. Күнделікті түнгі мезгілде полиция қызметкерлерімен бірлесіп «жас полиция» тобы рейдке шығуда.Егер түнгі уақытта рейдте ұсталған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің көзделген баптары бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертемін. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қараусыз заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз үйінен тыс жерлерде жүруіне тыйым салынған.Ұсталған жағдайда ата-аналарға бес айлық айыппұл салынатындылығы бойынша оқушыларға түсіндірілді.
Қорытындылай келгенде, бүгінгі кездесуден оқушылар тағлымы мол көп құқықтық тәрбие алды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Тлеубеков келген қонақтарымызға алғыс білдірді.

