1 МАУСЫМДА «БАЛАЛАР ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 МАУСЫМДА «БАЛАЛАР ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
12
май
2023

1 МАУСЫМДА «БАЛАЛАР ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

1 МАУСЫМДА «БАЛАЛАР ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында 1–12 маусым аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні шеңберінде өткізіледі.Ақпараттық науқан балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселесіне, оның ауқымы мен сипатына, бала мен қоғамға тигізетін зардаптарына қоғам назарын аудартуды көздейді. Сондай-ақ аталған мәселе жайлы, осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негізінде жұртшылықты көбірек ақпараттандыруға бағытталған.Науқан күндері әдістемелік, нормативтік-құқықтық әдебиеттер көрмелер, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты рейдтік іс-шаралар, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс беруші кәмелетке толмаған азаматты жалдаумен еңбек шартын жасаспаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жауапкершілік көзделген. Балаларды денсаулығына қауіп төндіруі, білім алуына кедергі келтіруі және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдау, тартуға тыйым салынады.

Балаларды бірге қорғайық!Мектеп директоры Бесимбаев Уалихан ағай оқушылармен жиналыс жасап, жаз мезгілдерінде жұмыс жасау үшін арнайы жұмыс берушімен ата-ана арасында келісім шарт болу керек екендігін айтты. Мектеп психологымен тренинг жүргізіп оқушылармен жұмыс жасады.