12
март
2024
“БІЗ ҚАМҚОРШЫ БОЛАМЫЗ, ҚҰСТАРҒА ҰЯ САЛАМЫЗ!”
“БІЗ ҚАМҚОРШЫ БОЛАМЫЗ, ҚҰСТАРҒА ҰЯ САЛАМЫЗ!”
Бүгін мектебіміздің оқушылары мен мектеп ұжымы “Біз қамқоршы боламыз, құстарға ұя саламыз!” атты республикалық акцияға өз үлестерін қосты.
Мақсаты: табиғаттың бір бөлігі құстарға қамқор болу, еңбекке тәрбиелеу, табиғат пен құстар туралы кең мәлімет беру. Тіл байлықтарын, белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.Республика көлемінде болып жатқан акцияға оқушылар белсене қатысты. Көктем, құстар туралы ән шырқап, өлең шумақтары жатқа айтылды. Іс-шара соңында оқушылар мектеп ауласындағы ағаш бұталарына өз қолдарымен жасаған құс ұяларын орналастырды.



