"Жас суретші" сайысы » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2024

"Жас суретші" сайысы

Мектеп кітапханасында қазақ суретшісі, портретші және акварель суретшісі, Қазақстанның халық суретшісі, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай 4 сынып оқушыларына “Жас суретші ” сайысы ұйымдастырылды. 

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру.

Ұлы суреткердің әрбір шығармасы – бір әлем.

Сайыс барасында көркем еңбек пәні мұғалімі Қосанов Серік ағай балаларға Әбілхан Қастеевтің 2000-нан астам картиналар, акварельдер, суреттері бар екендігі «Колхоз сүт фермасы», «Бие сауу», «Мақта жинау», «Колхоз той», «Қалыңдықты күштеп алып кету», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу», «Түрксіб», «Егін», «Талас алқабы», «Қапшағай даласы» биік таулы мұз айдыны. «Ғани Мұратбаев», «Кенесары Қасымов», «Кенен Әзірбаев», «Шоқан Уәлиханов», «Жамбыл Жабаев», «Сәбит Мұқанов» және т.б. портреттік жанрдағы жұмыстары бар екенін атап өтті.Сайыс соңында оқушылар марапатталды.