"Киелі мекен" апталығына Сенбілік » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2024

"Киелі мекен" апталығына Сенбілік

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы

"Тазалық-жинаған жерде емес, сақталған жерде болады" дегендей, мектебіміздің білім орда әкімшілігі, дене шынықтыру пән бірлестігі, еңбек пән бірлестігінің ерікті ұстаздары, қызметкерлері сенбі күні “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Киелі мекен” апталығына сәйкес көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді. Мектеп-гимназия ұжымының ер мұғалімдері қайта жөндеу жұмыстарын жасап, мектеп ауласын көркейтуге еңбектеніп үлестерін қосты.Акцияның мақсаты-қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету және де өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулудың бір белгісі болып табылады. Акция барысында мектеп-гимназия ұжымы ауланы қураған шөптерден тазартып, ағаштардың түптерін әктеп, жаңа ағаштар мен гүлдер көшеттерін отырғызды. Сенбілікте еріктілер ұжымдасқан түрде мектеп тазалығына, жайқалған жасыл желектің көбеюіне атсалысты.

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жалғасын таба бермек.

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясына үлестерін қосқан ерікті ұжымға алғыс білдіреміз және акцияға белсене қатысуға шақырамыз!!!

Түркістан Қаласының Білім Бөлімі

Түркістан Облысының Білім Басқармасы

#turkistanishkisaiasat