"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" жиналыс » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" жиналыс
26
январь
2024

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" жиналыс

Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп - гимназиясында 26.01.2024ж күні «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбы бойынша қала әкімшілігінен Жұманов Қанатбек , Байжігітова Несібелі және Қайықбаева Мереке апайлар мектебіміздің 8-9-10 сынып оқушыларына баяндама жасады. Сөз барысында, Жұманов Қанатбек “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, оқушыларға әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз, мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық, оқушыларға келенсiз жағдайлардың алдын-алу жұмыстарын насихаттады. Мектебіміздің тәлімгері А.Касымбекова оқушыларға Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқарып жатқанын атап айтты.

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,

Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,

Сонда ғана жер гүлденер,ел байып,

Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз.

Жиналыс соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеубеков Бексұлтан ағай оқушыларға мектеп ережелерін айтып өтті. Б.Момышұлы ағамыз айтқандай «Тәртіпке бас иген кул болмайды» дегендей тәртіп бар жерде білім бар. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Құрметті окушылар "Адалдықтың бастауы адал ұрпақ" демекші, осы өмірде адал болып тек адалдық істер істеп, адамдығымызды көрсетіп, киінгіге үлгі болып жүрейік.