30
апрель
2025
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне 10-сынып оқушыларымен экскурсия
2025 жылдың 30 сәуір күні «World Skills Turkistan - 2025» облыстық чемпионат барысында «Мобильді робототехника», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Мейрамхана қызметі» құзыреттіліктері бойынша «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысып, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы КММ-нің 10-сынып оқушыларымен экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында бухгалтер, киім дизайны, мейрамхана қызметі мамандарымен және спорт зал, биология кабинеті мамандарымен, химия кабинеті мамандарымен, физика кабинеті мамандарымен, асхана қызметкерлерімен кездесіп, әр заттың қалай жасалатынын бақылап, өз көздерімен көріп, тамашалап, қызықтырған сұрақтарына колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жақсыбек Бақытбек ағай және дене шынықтыру маманы Аяпов Камал ағайларынан керемет жауаптарын алды.

