Арнайы педагогтің 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Түркістан қаласы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының арнайы педагогы М.Досанованың жылдық рефлексиялық есебі.
Арнайы педагогтің 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мектепішілік ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен арнайы сынып оқушыларының ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2022- 2023 оқу жылына ОПМПК –дан өткізіп, соның негізінде мектепішілік бұйрығы шығарылды.Осы оқу жылында үйден оқыту бойынша 26 оқушы, арнайы сынып бойынша 20 оқушы білім алуда.
Ұйымдастырушылық жұмыс
1-15 аралығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға терең педагогикалық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б), оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің бланкілері дайындалды. Оқу жетістіктерінің бланкілері негізгі пәндердің (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) оқу бағдарламаларының мазмұны негізінде жасалды. Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы, жылдық жұмыс жоспарлары және психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.
Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау
Арнайы педагогикалық диагностикаға ОПМПК қорытындысы бар 1 оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары бойынша (7-форма) 13 ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы диагностикаға алынды. Барлығы 33- 34 оқушы арнайы педагогикалық диагностикадан өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а,б) толтырылды.
Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативі паспорттары толтырылып, зерттелінді.
Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқыланды (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).
ЕББҚ бар оқушыларға тактильді процестерін дамытуда, жадыны жақсарту, логиканы дамыту, нейропедагогикалық жаттығулар, коррекциялық әдіс- тәсілдер қолданылды.
Бастауыш сынып оқушыларымен білім деңгейін тексеруде динамикалық сараптама жасалды. Арнайы 4 «к» сыныбында 9 оқушы бар.Динамикалық сараптаманың нәтижесінің қорытындысы: 3 оқушы 4 сынып бағдарламасын толықтай меңгереді, 3 оқушының білімі орта, 2 оқушы төмен, 1 оқушы жалпы мектеп бағдарламасын меңгермеген.
Арнайы 3 «з» сыныбында жыл басында 10 оқушы, жыл соңында 9 оқушы. 2 оқушы үздік, 4 оқушы екпінді, 3 оқушының білімі орта.
ОПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 1 оқушыға жеке оқу бағдарламасы және 13 оқушыға бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары әзірленді.
Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау
Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және
топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзету-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзету-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзету-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды.
Кеңестік-әдістемелік қызмет
2022-2023 оқу жылында 13 мектеп мұғаліміне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) және 10 ата-анаға (Ата-
аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық- педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.
Қазан айында мектепішілік бастауыш сыныптар арасында «Ашық есік» апталығында 0 сыныптар арасында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы:
«Әлем бала көзімен».


21.10.2022ж Түркістан қалалық «Үздік дефектолог-логопед-2022» сайысында әділ –қазы мүшесі ретінде қатыстым.

18.12.2022ж Түркістан облыстық «Үздік дефектолог-логопед-2022»сайысына әділ-қазы алқасы ретінде қатыстым.

22.12.2022ж мектепішілік жаңа-жыл қарсаңында еббқ бар үйден оқитын оқушыларға «Мейірімділік асыл қасиет» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Түркістан қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге арналған «Тең қоғам» ұйымының екі мүмкіндігі шектеулі жандар мен әдіскері, дефектологы, социологтары қонаққа келді. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға жүрек жарды тілектерін айтып, өз қолдарымен жасаған қолӛнер бұйымдарын көрсетті. Іс-шара соңында еббқ бар оқушыларға сый-сияпаттар табысталды.



Қаңтар айында ІТ №27 Ө.Жәнібеков мектеп-лицейінде Облыстық білім басқармасының методисі М.Телжанованың ұйыдастыруымен семинарға қатыстым.
Ақпан айында директор жанындағы кеңесте «Оқыту мен тәрбиелеуде қиындыққа тап болған оқушыларға педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру жұмыстары» тақырыбында баяндама оқылды.
Наурыз айында директор жанындағы кеңесте «Инклюзивті білім берудің қолдаудың ресурстық желісін жасау, дайындау бойынша атқарылған жұмыстар дың есебі» есеп бердім.
Наурыз айында қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жан жылуы» атты еббқ бар үйден оқитын оқушылар арасында ән-би байқауы өтті. Байқауға еббқ бар үйден оқитын 3 сынып оқушысы Алиакбар Айзере
«Аққу» биін орындап, мақтау қағазымен марапатталды.



Мамыр айының директор жанындағы кеңесте жыл бойында атқарылған зерделеу жұмысының қорытынды жұмысы жайлы қорытындыладым.Маусым айында Республика көлемінде ұйымдастырылып, өткізіліпжүрген ерекше білім беруді қажеттілігі бар оқушыларға арналған «Жұлдызай» фестиваліне мектебіміздің арнайы сынып оқушыларын көрермен ретінде тамашалап қайттық.




Сонымен қатар, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға оқытудың арнайы және алтернативті әдістері тиімді қолдану жолдары»,
«Инклюзивті білім беру жағдайында сабақты қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктері» тақырыптарында презентациялар жасалып, мұғалімдерге ұсынылды, жыл бойы әдістемелік көмек көрермен ретінде тамашалап қайттық.
06.06-09.06.2022ж аралығында Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру алгоритмі» тақырыбында 24 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өттім.

08.08- 10.08.2022ж аралығында Қазақстандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан «Білім беру ұйымдарындағы арнайы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында 40 сағаттық курсынан өттім.
2022ж қараша айында Астана қаласынан «Кемеңгер бала жадын дамыту» орталығынан 6-12 жас балалардың жазу, оқу, математика оңай курсын оқып, сертификат алдым.


26.01-29.01.2023ж аралығында Қазақсатандық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан «Инклюзивті білім берудің әдістемелік- ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өттім.


