«Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» маманы Рамазан Татжанович арнайы кездесу болды.
2025 жылы 24 сәуір күні №33 мектеп базасында Көкшетау қаласынан келген «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» маманы Рамазан Татжанович арнайы кездесу болды.
Кездесу барысында Ж. Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының бітіруші 11 сынып оқушыларына колледждің артықшылықтарын айтып,, аттестатпен оқуға түсуге болатынын, мемлекеттік грант 41 мыңнан жоғары болатынын және қолжетімді білім алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қолданбалы бакалавриат мамадандықтарымен таныстырды: «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Өрт қауіпсіздігі», Төтенше жағдайда қорғау», «Еңбекті қорғау жән етехнологиялық үдерістердің қауіпсіздігі».
Оқушыларға колледждің арнайы дайындалған бейне роликтерін көрсетті және колледжге түсудің жеңілдіктерімен таныстырып сұрақ-жауап жүргізді. Оқушылар қызығушылық танытты және кәсіби білім туралы мағлұматтар алды.
