"Қаржы пирамидасына күрес" тақырыбында баяндама жасады
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында 16.10.2023 ж күні Түркістан қаласы ішікі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» инспектор маманы Салтанат Ержанқықы және психолог Нарымбетова Ақбота оқушылармен 9-11 сынып оқушылары арасында жиналыс болды. Салтанат Ержанқызы мектептің жасөспірімдеріне «Қаржы пирамидасына күрес» тақырыбында баяндама жасады. Қазір жаһандану заманында қаржы пирамидасына алданып қалу өте оңай. Қаржы пирамидасын бір адам басқара алмайтыны анық.Сондықтан, әдетте, қаржылық пирамидаларды жасаушылардың сыбайластары, агенттері, орындаушылары болады.Қазақстанда қаржылық пирамидалардың әрекетіне жол бермеу үшін қатаң заңнамалық шаралар қабылдануда.2017 жылы пирамидалық схемаларды құру және оған қатысу жауапкершілігін күшейткен «Қаржы пирамидалары туралы» заң күшіне енді. Бүгін таңда көптеген мектеп оқушылар ұялы телефон арқылы каспий банктың приложениясы арқылы дүкендерге, супер маркеттерде алаяқтық жасап жүргендер бар. Кейбір ата-аналар баласының немен айналысып жүргенін, сабаққа барған-бармағанын да білмейтіндері бар екендігін айтып өтті.
Нарымбетова Ақбота мектептің жасөспірімдеріне «Жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алдын-алу» тақырыбында баяндама жасады.Бала тәрбиесі баршамызға ортақ екенін бәріміз жақсы білеміз. Қазіргі таңда қоғамда шешімін табылмай жатқан мәселелер көп. Солардың бірі - жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет. Аутодеструктивті мінез-құлық адамның қалыпты дамуына, дене бетімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық. Аутодеструктивті мінез-құлық қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады-эмоциялық ттұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері бойынша түсіндірді.
Қорытындылай келгенде, бүгінгі кездесуден оқушыларымыз қаржылық сауаттылық бойынша және құқықтық тәрбие алды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Тлеубеков келген қонақтарымызға алғыс білдірді.
