Ақ жол, Жас түлек! » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2023

Ақ жол, Жас түлек!

Ақ жол, Жас түлек!

Мектеп бітіруші түлектеріне жалпы, үздік аттестат беру жиыны болып өтті. 

Балалық шақтың балауса кезеңін өткізе жүріп, білікті білім мен тағлымды тәрбие алған 90 жас түлек алтын ұя мектептен қанат қағып, ересек өмірге қадам басты.

Оның 7-еуі "Алтын белгі", 4-еуі "Үздік" аттестат иегері атанды. 

Жиын барысында мектеп басшысы Бесимбаев Уалихан Қамбарұлы алғыс сөз сөйлеп, құттықтауын жеткізіп, "Алтын белгі", "Үздік" аттестат иегерлеріне және түлектерге салтанатты түрде аттестаттарын табыс етті.

Құрметті мектеп бітіруші Жас түлектер, үлкен өмірге басқан қадамдарың нық болсын, әрқашан жолдарыңыз ашық болсын. Еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосар нағыз азамат болыңыздар!