Ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында 8-9-10-11 сынып қыздарымен кездесу » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында 8-9-10-11 сынып қыздарымен кездесу
20
октябрь
2023

Ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында 8-9-10-11 сынып қыздарымен кездесу

Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында 20.10.2023 ж күні "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында 8-9-10-11 сынып қыздарымен кездесу өтілді. Акушер гинеколог Шекербаева Лаура мен педагог псиолог Құрманбекқызы Индира жәнеде мектеп медбикелері, психологтары мен тәрбие орынбасары, қыздар кеңесінің төрайымы қатысты. Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.Жасөспірімдердің жыныстық мәдениетінің өзгеруі көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ), әсіресе, ғаламтор мен теледидардың әсерінен бе? деген ой келеді. Жыныстық тәрбие арнайы оқу бағдарламасына енбеген алайда дәл осы БАҚ ақпарат алудың негізгі қайнар көзі болып табылатыны дәлелденген. Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» дегенсөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздыңтәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеуетіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге,жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразгелдиева Нағима қыздарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келген қонақтарға рахметін айтты.