"Мектебім, саған мың алғыс!" салтанатты жиын » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектебім, саған мың алғыс!" салтанатты жиын
25
май
2024

"Мектебім, саған мың алғыс!" салтанатты жиын

Түркістан облысы білім басқармасы Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың мамыр айының 25 жұлдызы күні мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбы аясында оқу жылының қорытынды салтаннатты жиыны өткізілді.

«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтілген қорытынды салтанатты жиынға Түркістан қаласының әкімінің бірінші орынбасары Мекенхан Қозыханұлы Қырықбаев және Түркістан қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі Қорғанбекова Маржан қатысты.

Түркістан қаласының әкімінің бірінші орынбасары Мекенхан Қозыханұлы «Құрметті түлектер, бүгін сіздер үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар. Мектепті аяқтап, мамандық таңдап, жоғары оқу орнына түсіп, алған білімдеріңіз арқылы еліміздің абыройын арттыру Сіздердің қолдарыңызда. Міне, көз алдарыңызда өзгерген Түркістан қаласында Сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалған жоспарлар жүзеге асырылып келеді. Сіздердің терең білім алуларыңыз үшін ұстаздар еңбек етті. Ендігі, мамандықты дұрыс таңдап, сол мамандықтың нағыз шебері болуға тырысуларыңыз қажет. Өйткені, мамандық таңдау — маңызды іс. Жолдарыңыз сәтті болсын! Ақ жол!», — деген тілегін білдіріп, мұғалімдерге де алғысын айтты.

#Біртұтас_тәрбие

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert