1-Наурыз ата-әжелерін шақырып мерекелік концерт
АЛҒЫС АЙТЫП ЖҮРЕЙІК...
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында 1 наурыз көктемнің алғашқы күні көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күнімен қатар келіп отыр. Бұл – өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Алғыс айту күні біз үшін жыл бойы атқарған еңбегіміз бен жасаған жақсылығымыздың есебіндей маңызды. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет білдіретін күн. Бұл мерекенің астарында қазақ халқының өзгеге деген құрметі мен ыстық ілтипаты жатыр.Бұл турасында айтылатын «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас», «Батаменен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген сөздер дәлел. Сонымен бірге Алғыс айту күніне орай мектебіміздің ата-аналарын және ата-әжелерін шақырып мерекелік концерт ұйымдастырылып , атап өтілді. Алғыс айту мерекесімен мектеп директоры Бесимбаев Уалихан Қамбарұлы келген қонақтарды мерекемен шын жүректен құтықтап, жылы лебізін білдірді. Жылы сөз, жақсы ой, қайырымды ісімізді аямай, жан-жағымызды мейірімге толтырып жүрейік! Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Өскелең ұрпақты мейірім мен адамгершілік қасиеттерге бірге баулиық! Ырысымыз тасып, айбынымыз асқақтай берсін!
#gani.beisembayev


