Құқық бұзушылық
Мектебіміздің 11-ші сынып бітіруші оқушыларымен Түркістан ҚПБ-ның ЮПТ учаскелік инспекторы полиция капитаны Қоңырбай Дархан мектептің жасөспірімдеріне «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Күнделікті түнгі мезгілде полиция қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» рейді жүріп жатқандығын ескертті. Ұсталған жағдайда ата-аналарға бес айлық айыппұл салынатындығын оқушылармен ата-аналарға жете түсіндірді. 11-ші сынып оқушыларына 25-мамыр күні автокөлікпен шеруге шықпау туралы және кафе, клубтарда тойламауды қатаң ескертті. Атам қазақ айтқандай «Жолдасың жақсы болса жетерсің талай мұратқа» дегендей қасымыздағы достарымыз жақсы болса мұратқа жетеміз, жақсы үлгілі оқушы боламыз.Кейбір мектептерде жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына өктемдік жасап, ақшаларын, қымбат заттарын, алып қойып, оларды үйіне қайтып бара жатқанда тосып тұрып ұратынын, мектептегі сабақты тастап, сабаққа уақытылы кірмей, ұялы телефонды калидорда қойып жүретіндігі, өздерінің жеке жұмыстарымен айналысып жүретіндігі ескертілді. Б.Момышұлы ағамыз айтқандай «Тәртіпке бас иген құл болмайды» дегендей тәртіп бар жерде білім бар. Құрметті оқушылар сендерден үлкен үміт күтіп отыр.
#gani.beisembayev


