Лагерге 1-4 сынып оқушылары
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы 2023-2024 оқу жылына арналған жазғы демалыс лагері өтілді. 27-мамыр күні сағат 9:00де мектеп жанындығы жазғы лагерь ашылуы АКТ залында өткізілді. Лагерге 1-4 сынып оқушылары қатысты. Ашылу мерекесіне мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеубеков Бексұлтан ағай өзінің балаларға деген ыстық ықыласын айтып және бүлдіршіндерді белсене қатысуларын,бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты.Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар топ жетекшілерімен танысып, өздеріне белгіленген кабинеттерімен танысып, топ жетекшілері күн тәртіптерімен таныстырды. Мектеп психологтары, медбикелерде бізбен жұмыс жасайтынын айтып өтті. Күнде оқушыларды таңғы жаттығулармен қарсы аламыз.
#gani.beisembayev





