"Мен сарбазбын" патриоттық жарыс » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мен сарбазбын" патриоттық жарыс
06
май
2024

"Мен сарбазбын" патриоттық жарыс

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл болуына орай мектепте АӘД пәнінің мұғалімі Юсупов Қыдірәлі ағайдың ұйымдастырылуымен қала көлемі бойынша "Мен сарбазбын" патриоттық жарыс өткізілді. Жарысқа мектебіміздің 10 сынып оқушылары қатысты. 8-10 сыныптардың ұйымдастырылуымен "Ауған біздің жүрегімізде " атты мерекелік еске алу кеші өткізілді. Кеш барысында мектеп директорының ұйымдастырушы педагогы Усенов Мадияр ағай Ауған соғысы ардагерлерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Іс-шара барысында " Мен сарбазбын " патриоттық жарысының жеңімпаздарын марапатталды. Мерекелік іс-шараға Түркістан қаласының АҚБ аға офицері аға лейтенант Абдулхаков Исламбек Эрмухаммедұлы және Ауған соғысының ардагерлері Қалмырзаев Есен ағамыз және мектебіміздің ұлағатты ұстазы Жантілес Жақсылық ағай кешіміздің қонағы болды. Мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Тұрынбет Гулмира апайымыз Жантілес Жақсылық ағайға демалыс орнына жолдама берді.

#Біртұтас_тәрбие 

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert