02
май
2024
Отан қорғаушыылар күніне іс-шаралар
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр Жеңіс күніне орай мектепте іс- шаралар өткізілді. Мектептің кітапханасында " Жеңіске-79" жыл тақырыбында бұрыш ұйымдастырылып, соғысқа қатысқан ардагерлердің медаль, киімдерімен және отбасыларымен таныстырып видеоролик көрсетілді. 10 сынып оқушыларымен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Юсупов Қыдыр ағай "Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі" тақырыбында әскери потриоттық жарыс өткізді. Жарыс Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің өмірі дәріптеліп, патриоттық тәрбие берілді. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз !!!
#gani.beisembayev


