Қантар айының 10-12 күндері аралығында қала аумағындағы "ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" рейді
"ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" түнгі рейд жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
ҚР ІІМ-нің 2024 жылға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін ағымдағы жылғы қаңтар айының 10-12 күндері аралығында аудан аумағында "ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.
Шара аясында білім беру ордасында 9-10-11сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу, ұлт аралық жан жалға жол бермеу, жол ережесін сақтау, ата-ананы жасы үлкенді құрметтеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу тақырыптарында тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырылады. Қосымша, қала көлеміндегі ұйымдармен бірлесе күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстары жүретіні туралы ескертеміз! Осы аталған тақырыптар төңірегінде мектеп оқушыларына жауапты инспекторымыз Айбат Болатқызы арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балалар жол ережесіне байланысты керекті мағлұматтар алып, сұрақ алмасу арқылы жиналыста өздеріне біраз ақпараттар алды.



