Мектеп Президенттігіне сайлау
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының мектеп тәлімгері А.Касымбекованың ұйымдастыруымен мектеп Парламентінің Президентін сайлау
іс-шарасы болып өтті.
Мақсаты: Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Бүгінгі бала – ертеңгі ел тірегі болар азамат. Өзгермелі заман талаптарына ілесе алатын, жетістікке жету үшін өмір бойы білім алуға бейім, кәсіби бағыты мен қарым-қабілетін қолдау саласына қарай жылдам өзгертуге дайын, сауатты тұлға болуы тиіс. Мектеп өмірінің қызықты әрі әсерлі өтуі өзін-өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланысты. Мектеп Президенттігіне 8-9-10 сынып оқушылары қатысты. Үміткерлер сайлау алдында өздерінің бағдарламалары мен жұмыс жоспарларын таныстырып өтті. Сайлауға Ұстаздар мен 8-9-10 сынып оқушылары қатысып, дауыс беру барысында әділ дауыс жинағандығын мектеп ішінен сайланған комиссия мүшелері саралап, сайлау мәресіне жетті. Нәтижесінде мектебіміздің 10 «ә» сынып оқушысы Досан Ердаулет басым дауысқы ие болып, мектеп Президенті болып сайланды.
Мектеп Президенті мен Минстрлеріміз алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып, көркейтуіне сәттілік тілейміз!


