Менің отаным, менің отбасым тақырыбында кездесу » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Менің отаным, менің отбасым тақырыбында кездесу
12
октябрь
2023

Менің отаным, менің отбасым тақырыбында кездесу

Ж. Еділбаев атындағы № 18 мектеп -гимназиясында "Менің отаным, менің отбасым" тақырыбында 12.10.2023 ж күні мектебіміздің қыздарымен және Түркістан қаласының әжелер алқасының төрайымы, ҚР еңбек ардагері және зейнеткер ұстаз Серім Айғаным апайымыз, зейнеткер ұстаз әжелер ұйымының мүшесі Мұстафаева Сиякүл аналарымызбен кездесу өтті. Мектебіміздің директоры Бесимбаев Уалихан Қамбарұлы кездесуді ашып берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразгелдиева Нағима апай осы тақырыпқа байланысты баяндама оқып, келген қонақтарымыз Айғаным апайымыз бен Сиякүл апамызға сөз берді. Сөз барысында қыздың бойындағы ізеттілік, қазақы құндылықтарды жете айтып түсіндірді. Адам баласына көрегенділік оның нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. Қатты айқалап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты сылдырлатпау, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне дейін мән берілген. Әрбір қыз балаға ата-анасы туыс, ұстаз сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларына қамқор ана шығатыны сөзсіз -деп өздерінің өсиетті сөздерін айтты. Мектебіміздің психологтары Мөлдір апай мен Айгерім апай қыздармен трениг өткізді. Кездесу соңында өз өнерімен мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Сапарбеков Біржан аналарымыздың құрметіне «Анашым сен қартаймашы» керемет әнін шырқады. Қорытындылай келгенде, бүгінгі кездесуден қыздар тағлымы мол көп дүние алды.