«Тәрбиенің ең басты мектебі – Отбасы» тақырыбы бойынша 7 – сынып оқушыларының ата – аналар жиналысы өтілді.
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп – гимназиясында «Тәрбиенің ең басты мектебі – Отбасы» тақырыбы бойынша 7 – сынып оқушыларының ата – аналар жиналысы өтілді.
Жиналыс мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру .
Күн тәртібінде:
1. Көңілді сәлемдесу .
2. Топқа бөлу; Шақыру қағаздарымен түрлі конфеттер арқылы .
3. Балаңыздың бас әріпімен басталатын үш сөзбен еркелету .
4. Сауалнама ; Мен баламды танимын т,б әдістер .
5. Оқушылардың жазған хаттарын ата-аналар тауып оқиды .
6. Ермек сазадан құрт жасау ,бүктелген қағаздарды ашады ,видео көрсету .
7. 1-ші және 2-ші тоқсанның қорытындысымен таныстыру .
8. Қорытынды психологиялық ахуал.
Cынып жетекшілер ата – аналарды күтіп алып сәлемдесіп жайғастырды . Ата- аналар толық келіп болған соң оларды топқа бөліп өзеріне берілген шақыру қағаздарымен өздеріне үлестірілген конфеттер арқылы екі топқа бөліп отырғызды. Келесі кезекте ата- аналарға әрқайсысына өздерінің балаларының бас әріпімен басталатын үш түрлі сөзбен еркелететіндерін айтып шықты.Сауалнама бойынша; Мен баламды танимын , Додекаэдр , әдісі ситуациялық сұрақтар қойылу арқылы әртүрлі әдістер пайдаланып сауалнама алып шықты .Оқушылардың жазған хаттарын іліп қойған тақташаға әр ата – аналар алып оқып шықты. Ермек саздан құрт жасау әдісі бойынша, әр кім әр түрлі формадағы құрт жасап шықты мұндағы мақсат жұмсақ кезде құрттың қалай илесе солай иленетінін көрсетіп тұрғанын жасап шықты. Жалпы бұл ата- аналар жиналысының мақсаты отбасы қашанда бала тәрбиесінің айнасы екенін сондықтанда мына қарқынды дамыған заманда бала тәрбиесіне барынша көбірек көңіл бөліп уақыттан қалып кетпеу туралы айтылды . Бала ата ананың айнасы сонымен бірге көз қуанышы екенін ұмытпайық . Жиналыс соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Тлеубеков пен Н.Оразгелдиева ата - аналарға алғыстарын білдіріп, оқушыларға көбірек көңіл бөлулерін айтып өтті. Мектеп психолгтары ата – аналармен тренингтер жүргізіп көтеріңкі көңіл күймен шығарып салды .
#gani.beisembayev



