Ата –аналармен семинар-тренинг
«Түркістан облысының педагог-психологтарының біліктілігі мен кәсібилігін арттыру» жобасы аясында «Деструктивті мінез-құлықтың дамуына әсер ететін факторлар, оның ішінде отбасылық, әлеуметтік, психологиялық және жеке аспектілер.» тақырыбында ата –аналармен семинар-тренинг жүргізілді.
«Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп -гимназия» КММ-нің педагог-психологы Ж.Абдурасулова «Деструктивті мінез-құлықтың дамуына әсер ететін факторлар, оның ішінде отбасылық, әлеуметтік, психологиялық және жеке аспектілер» бойынша түсіндірме жұмысын атап өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Оразгелдиева. «Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар мектептің педагог-психологы М.Жунайтова «Деструктивті мінез-құлықтың дамуына әсер ететін факторлар, оның ішінде отбасылық, әлеуметтік, психологиялық және жеке аспектілер» бойынша ойын-жаттығулар жүргізді. Семинар-тренингтің нәтижелері бойынша қорытындылар: ата-аналар деструктивті, аутодеструктивті, агрессивті, девиантты және суицидтік мінез құлықтың негізгі ұғымдары мен түрлерін қарастырды. Бұл мәселелердің түсініктерін, ерекшеліктерін және классификациясын талқылады.




