25 мамыр күні өтетін бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара жайлы ата-аналарға хабарландыру » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 мамыр күні өтетін бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара жайлы ата-аналарға хабарландыру
14
май
2025

25 мамыр күні өтетін бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара жайлы ата-аналарға хабарландыру

Құрметті ата-аналар мен бітіруші түлектер!

Мектебімізде 9–11 сынып ата-аналар жиналысы өтіп, онда мектеп директоры Кенжебаева Тоғжан Жаңбыршықызы 25 мамыр күні өтетін бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара жайлы ата-аналарға хабарлады.

Бұл күн – мектеп өміріндегі маңызды белес, жас түлектер үшін өмір жолындағы жаңа қадам. Сондықтан, ата-аналардың қатысуы бұл мерекенің мәнін арттыра түсетіні сөзсіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Мектепішілік тәртіпті сақтау және әділдік қағидаларын ұстану мақсатында төмендегі әрекеттерге қатаң тыйым салынады:

Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;

Салтанатты дастархан жаю немесе кең көлемде той ұйымдастыру;

Жалдама автокөлікпен қала ішінде немесе ауыл аралап жүру;

4, 9, 11-сынып бітірушілерінен ақша жинау;

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлықтар беру.

Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этиканы сақтау және балалардың тең құқығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Салтанатты іс-шара барлық бітірушілер үшін шынайы қуаныш пен жарқын естеліктерге толы сәт болсын!

Біз сіздердің түсіністік танытып, мектеп ұжымының бастамаларын қолдайтыныңызға сенеміз!