1-ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
1- қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп- гимназиясында жаңа 2024 - 2025 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты жиынды Түркістан облысының білім саласының сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Пахымбет Серік Сатыбалдыұлы ашып берді. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан оқушыларды мерекелерімен арнайы құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Бекзат мөлтек ауданының ақсақалдар алқасының төрағасы мектебіміздің әкелер мектебінің төрағасы Сыздықов Төрәлі мырза жаңа оқу жылымен құттықтап, оқушыларымызға сәттілік тіледі. Салтанатты іс - шараға мектеп директоры Бесимбаев Уалихан Қамбарұлы және ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.
Жиын аяқталған соң 1-ші сыныптар мен 11-ші сынып оқушыларына тәрбие сағаттары өтілді.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!




