06
май
2025
«Ұлы Жеңіс Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» тақырыбында мерекелік концерт
Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс : Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті.
Патриоттық айлық аясында 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары, «Ерлікке тағзым ету парызым» тақырыбында кітап көрмелері, «Ерлік істер жас ұрпаққа үлгі» сурет байқауы, «Ер есімі –ел есінде» 7 сынып оқушыларымен дөңгелек стол, «Мен өз Отанымның ұланымын!» тақырыбында шығарма байқауы, «Біз жеңістің мұрагеріміз» атты әскери-патриоттық «Алау» ойынын 8-сыныптар арасында өткізілді.Айлық соңында «Ұлы Жеңіс : Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» тақырыбында мерекелік концерттер өткізілді.


