«Ұлттық спорт түрлері-рухты көтеретін ойындар» » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық спорт түрлері-рухты көтеретін ойындар»
20
март
2025

«Ұлттық спорт түрлері-рухты көтеретін ойындар»

  Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында Түркістан қаласының білім бөлімінің хатының негізінде Наурызнама тұжырымдамасы жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігі 20.03.2025 жылы «Ұлттық спорт күніне» орай кестеге сәйкес «Ұлттық спорт түрлері-рухты көтеретін ойындар» тақырыбында мектебімізде 1-11 сынып оқушылар арасында ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер мен ойын түрлерін ұлықтау мақсатында «Арқан тартыс», «Шекем тас», «Тоғыз құмалақ», «Шертпе асық ату», «Гир тасыр көтеру», «Қол күрес», «Күрес» және «Қошқар көтеру» ойындары өткізілді.Мектеп оқушыларымен ұстаздардың қатысуымен өткен спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар күш-жігерлерін, ептіліктерін және ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын көрсетті.Ұлттық спорттық шаралар оқушыларға ұлттық құндылықтарды сақтауға және жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятуға септігізін тиігізеді. Мерекелік іс-шараны мектебіміздің директоры Кенжебаева Тоғжан апайымыз ашып беріп, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. «Ұлттық спорт түрлері-рухты көтеретін ойындар» іс-шарасы концерттік бағдарлама мен басталып, жеңімпаз оқушылар мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды!!!