«Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаты өтілді
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 17 қаңтар күні 1-11-сыныптың жетекшілері өз сыныптарына «Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағатын өткізіп, Өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Тәртіп пен әділдік, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіндіру; Қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.
Сынып жетекшілер сынып сағатында білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңнамасы бойынша слайд арқылы түсіндіріп өтті. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылатынын түсіндіріп өтті. 8-11-сыныптың оқушылары пара беру де, пара алуда қылмыс екенін, ал пара беру ақшалай, қымбат бағалы бұйымдар /пәтер беру, көлік беру, тұрмыстық техника т.б/ сондай-ақ демалысқа жолдамалар беру, сауықтыруды төлеу, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізіп беру т.б туралы өз ой пікірлерін айтып өтті. Сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстар ҚР Қылмыстық кодексі бойынша пара алу 311- баппен, пара беру 312-бап, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу 310- баппен, парақорлыққа делдал болу 313- бап, қызметтегі әрекетсіздік 315-бап, қызметтік жалғандық жасау 314-баппен қаралатынын айтып өтті. Ризашылықты білдіру мақсатында жасалған сыйлық құны 4538 теңгеден аспауы тиіс, егерде одан асып кетсе параға жататынын ескертті.
Оқушылар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтар туралы шағын эссе жазды. Халқымыздың ғұлама ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба...», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» т.б өлеңдерін жатқа айтып, өлеңнің мән-мағынасын ашып, өзіндік көзқарастарын білдірді.
Болашақта «Сыбайластық жемқорлық» деген нәрседен еліміз аман болып, гүлденіп, көркейіп, әл-қуатымыздың арта түссін.


