“Ұлттық киім - ұлттың бейнесі” тақырыбында байқау ұйымдастырылды
Наурызнаманың он күндігіне сай
18 наурыз - Ұлттық киім күні «Наурызнама» тұжырымдамасына орай мектебімізде “Ұлттық киім - ұлттың бейнесі” тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: қазақтың ұлттық киім үлгілерін насихаттау арқылы,қазақтың киім үлгісін заманауи жаңғырту мақсатында сән үлгісі ретінде өтілді. Байқауға оқушыларымыз белсене атсалысты.
Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.
Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді.
Бүгін - халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.




