«Абайлаңыз балалар» тақырыпта 7-11 сыныптарда жиналыс
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында 04.09.2024 ж күні «Абайлаңыз балалар» атты тақырыпта 7-11 сынып оқушылары арасында жиналыс болды.Жиалыста баяндамашы Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ЮПТ аға УПИ полиция майоры – Қапашов Керім Жақыпбекұлы мектеп оқушыларына бүгінгі таңда қаламыздағы мектеп оқушылары жол шетімен жүрмейді, сол себепті көптеген оқушылар түрлі жағдаймен ауруханаға түсіп жатыр. Қазіргі таңда қала бюджетінен ақша бөлініп қаладағы көптеген бағдаршамдар қайта жаңартылды. Мөлтекке аялдамалар қойылды, автобусқа мінер кезде түсер кезде аялдамаға қарай жүгірмеуді қатаң ескертілді. Мектеп жанындағы Жарова көшесінің бойына оқушылар жүретін тротуар жасалынып жатқанын айта өтті. Мектеп оқушылары сабақтан шыққан соң арнайы сызылған жолақпен жүруді, машина алдынан жүгіріп өтпеуді қатаң ескертті.


