Қылмыс пен құқықбұзушылықтардың және оқыс оқиғалардың алдын алу » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қылмыс пен құқықбұзушылықтардың және оқыс оқиғалардың алдын алу
25
апрель
2024

Қылмыс пен құқықбұзушылықтардың және оқыс оқиғалардың алдын алу

Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаумен байланысты органдардың өзара әс-қимылын күшейтуге бағытталған

2024 жылдың 25 сәуір күні жиналыс болып өтті.

Қатысқандар: Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері а.қа подполковнигі Фурхат Әкімжанұлы Джолдасов Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны, мектеп инспекторы Өндірбай Еркебұлан Бауыржанұлы Рахман Рахим мешітінің имамы Жаренов Фархад. Мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Тлеубеков Бексултан Орынбасарұлы мен Оразгелдиева Нағима Мусаппаровна кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаумен байланысты органдардың өзара әс-қимылын күшейтуге бағытталған жиналыс екеніне тоқталып өтті.

Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты: жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті сапалы түсінуге, салауаттық, зияткерлік негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс екендігі айта келе, мектептің ішкі тәртіп ережесінде оқушылардың жалпы ережесі бойынша оқушылардың сабақ үстіндегі тәртібі, оқушылардың сабаққа дейінгі, үзілістегі және сабақтан кейінгі тәртіп ережелерімен таныс болуымыз, әрі оны орындауымыз баршамызға міндет екендігін атап өтті. Сондай-ақ оқушылар мұғалімді, мектеп-гимназия қызметкерлерін, сыныптастарын құрметтеу міндетті екендіктері баса айтылды. Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері а.қа подполковнигі Фурхат Әкімжанұлы Джолдасов оқушылардың өмір қауіпсіздігін атап, тоқталып өтті.Жазғы каникул кезіндегі өрт қауіпсіздігі, электр қуаттары мен құралдары, көп қабатты үйлердегі терезелер қауіпсіздігі туралы айтылды. Шомылу маусымында арнайы орындарда шомылу. Ол жерлердегі медициналық пункттер мен құтқарушылар тобына тоқталды.Ауылда, елді мекендердегі суаттардың , каналдардың қауіптілігіне тоқталды. Түнгі мезгілде , шаршап тұрған кезде, тамаққа тойып алып суға шомылуға болмайтындығын қатаң ескертті.Жас балаларды үйде қараусыз қалдырмау, дәрі-дәрмектерге абай болуын ескертті.«Рахман Рахим» мешітінің имамы Жаренов Фархад «Отанды сүю - иманнан» деп өз сөзін бастады. Айнала қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сүю, ата- баба аманатын сақтау баршамыздық міндетіміз екендігін атап өтті. Қоршаған ортаның тазалығына ерекше мән берілуі керек. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны, мектеп инспекторы Өндірбай Еркебұлан Бауыржанұлы сөз алып, мектеп оқушылары арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы, қылмыс жасау жақсы ма, жаман ба деген сұрақтар беру арқылы ой түрткі жасады. Ақша салып ойнайтын ойындардан аулық болу, лудомания, буллинг, киббербуллинг, суық қарумен, зиянды әрекеттерден аулық болу, темекі, электронды темекі, ішімдік жайлы мүлдем ойламау керектігі айтылды. Сыныптастарымен, айналасындағы достарымен жақсы қарым қатынас жасау, достықта, бірлікте, ынтымақта болуы керектігі айтылды.

Қылмыс жасаудың алдын алу үшін кез келген оқушы бір күнін тиімді ұйымдастыра білуі керектігі айтылды.Көшеде жүру ережеліне тоқталып, электромапед, самокат айдау ережелеріне база назар аударып өтті.Кешкі сағат 22:00 ден кейін ата анасыз көшеге шықпау, бөтен үйге қонбау, ешкімнің сөзіне ермей адал болуы керектігі айтылды.Кездесу барасында ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтеуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту, ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық мұраны дәріптеу, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру туралы айтылды.Мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлеубеков Бексултан Орынбасарұлы жиналысты қорытындылады. «Тәртіпсіз берілген білім – адамзаттық қас жауы» деп әл-Фараби айтқандай мектеп тек білім ордасы ғана емес, тәлім-тәрбиенің де нағыз ортасы. Біз тәртібіміз жақтан отбасымызға, мектебімізге, сыныбымызға сөз келтірмеуіміз керек.Оқушыларға құқықбұзушылық туралы бейнероликтер көрсетілді.

Жиналыс барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

#Біртұтас_тәрбие 

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert