Жат ағымдағы діндер тұрғысында түсіндірілім жұмыстарын жүргізу
Жат ағымдағы діндер тұрғысында түсіндірілім жұмыстарын жүргізу үшін оқушыларды ақпараттандыру мақсатында бүгін мектебімізде Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әуезханов Айдос, Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Нуритдинов Бахауаддин мырзалармен арнайы кездесу болып өтті. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлеубеков Бексұлтан ағайымыз қонақтарды 10-11 сынып оқушыларына таныстырып, жиналысты ашып берді.
Мақсаты: оқушыларды жат ағымдар мен радикалды діни көзқарастардан қорғау үшін діни сауаттылықты арттыру. Мамандардың қатысуымен өтілген кездесуде оқушыларға дұрыс діни білім беру, жат ағымдардың қауіптілігі мен олардың қоғамға әсерін түсіндіріп өтті.Кездесуден оқушыларымыз көптеген мағлұматтар алды.Кездесу өз нәтиежесінде өтілді.


