Арнайы педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Түркістан қаласы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының арнайы педагогы М.Досанованың жылдық рефлексиялық есебі.
Арнайы педагогтің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ұйымдастырушылық жұмыс
1-15 аралығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға терең педагогикалық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б), оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің бланкілері дайындалды. Оқу жетістіктерінің бланкілері негізгі пәндердің (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) оқу бағдарламаларының мазмұны негізінде жасалды. Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы, жылдық жұмыс жоспарлары және психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.
Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау
Арнайы педагогикалық диагностикаға ОПМПК қорытындысы бар 1 оқушы және мектеп мұғалімдерінің сұраныстары бойынша (7-форма) 13 ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы диагностикаға алынды. Барлығы 14 оқушы арнайы педагогикалық диагностикадан өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а,б) толтырылды.
Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативі паспорттары толтырылып, зерттелінді.
Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары
толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқыланды (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).
ОПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 1 оқушыға жеке оқу бағдарламасы және 13 оқушыға бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары әзірленді.
Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау
Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзету-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзету-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзету-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды. Ағымдағы оқу жылында 13 оқушы бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен,1 оқушы жеке оқу бағдарламасымен оқытылды. 4 оқушы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырысының шешімімен ОПМПК жолданды. Жеке оқу бағдарламасымен оқитын оқушыда негізгі пәндер бойынша динамика өзгеріссіз.(жетістіктер картасында белгіленді).
Кеңестік-әдістемелік қызмет
2023-2024 оқу жылында 16 мектеп мұғаліміне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) және 10 ата-анаға (Ата- аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық- педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.
23.10-03.11.2023ж аралығында үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдеріне мектепішілік семинар тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектептерде жалпы, бейімделген, жеке оқу бағдарламаларын жүзеге асыру» өткізілді. Семинарға барлығы 18 мұғалім қатысты.Семинар барысында мұғалімдерге бейімделген, жеке оқу бағдарламаларының құрылымдары және жүзеге асыру жолдары көрсетілді.
Қазан айында қалалық білім бөлімінің тапсырмасымен ерекше білім беруді қажеттілігі бар үйден оқитын оқушыларды «Ұлы дала елі» мүзейіне саяхатқа шықтық.


Қараша айында Облыстық білім басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен Отырар ауданы Қ.Сәтбаев жалпы білім беру мектебінде облыстық көлемде арнайы мамандарға арналған семинар өтілді. Семинардың тақырыбы: «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетудің ерекшелігі». Қ.Сәтбаев мектебінің педагог-психологы, педагог-логопедтері жоғары деңгейде сабақтарын көрсетіп, тәжірибиелерімен бөлісті.



Қаңтар айындағы директор жанындағы кеңесте «Үйден еббқ ететін оқушылардың білім меңгеру сапасы мен динамикалық дамуын бақылау күнделігі» тақырыбында баяндама жасалды.
Қаңтар айында қалалық білім беру бӛлімінің басшылығымен Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында қалалық педагог-психологтар мен арнайы мамандарға семинар ӛтілді. Семинар тақырыбы: «Инклюзивті білім беру ортасын құрудың тиімді жолдары». Семинардың ашылуы, мақсаты мен міндеттерімен қалалық білім бөлім әдіскері Г.Серікбай мен мектеп-гимназия
директоры Р.Урумова таныстырды. Еббқ бар үйден оқитын оқушылардың қатысуымен әлеуметтік педагог «Жүрек жылуы» атты концерттік бағдарлама көрсетті.

Ақпан айындағы директор жанындағы кеңесте «Оқыту мен тәрбиелеуде қиындыққа тап болған оқушыларға педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру жұмыстары» жайлы баяндама жасалды.
Наурыз айындағы директор жанындағы кеңесте «Үйден оқытуды бақылау» тақырыбында үйден оқитын еббқ ететін оқушылардың жалпы әлеуметтік тұрмыстық жағдайы, денсаулығы мен сабақтардың белгіленген кесте бойынша өтілуін бақылау барысында зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Осы айдағы директор жанындағы кеңесте «Инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинеттер қызметін жасау, дайындау бойынша атқарылған жұмыстары жайлы есебі» бойынша баяндама жасалды.
2024ж 19 наурызда Түркістан қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ұйымдастырылған ХІХ республикалық «Жұлдызай» фестиваліне еббқ бар үйден оқитын 8 «ж» сынып оқушысы Нұртаза Мирас қатысып, Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін орындады.Байқау соңында әділ қазылар шешімімен Нұртаза Мирас ІІІ орын иеленіп, қалалық бөлім басшысы О.Қолдасованың атынан Мақтау қағазымен марапатталды.



Сәуір айында үйден оқитын еббқ ететін оқушылардың ағымдағы жоспар бойынша ОПМПК-ға диагностика жүргізу арқылы мінездемелерін дайындап, ата-аналарға берілді.
01.06.2024ж «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай қала әкімі Н.Тұрашбеков, қалалық білім бөлімі басшысы О.Қолдасовалардың басшылығымен және қалалық арнайы мамандардың қатысуымен «Үйден оқитын еббқ ететін оқушыларға » қайырымдылық іс-шарасын өткізді. ЕББҚ ететін оқушыларды қала әкімі мен білім бӛлім басшысы мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.


Өзін-өзі дамыту
№09.(116 саны) 2023ж Республикалық Ғылыми-Әдістемелік «Тағылым» журналына «Психикалық дамуы тежелген балаларға білім беру және түзете- дамыту жұмыстарының ерекшеліктері» атты мақалам жарияланды. «Үздік мақала» номинациясы бойынша І орынды иеленіп, І дәрежелі дипломен және сертификатымен марапатталдым.


23.10.-03.11.2023ж аралығында ҚР Оқу Ағарту Министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан «Орта білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтың (дефектолог- мұғалімнің) кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өттім.


23.01-24.01.2024ж Астана қаласы «Аист» инклюзивті және арнайы технологиялар академиясы орталығының ұйымдастырумен өткізілген республикалық семинарға қатыстым. Семинар тақырыбы: «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау». «Аист» академиясының бас директоры, педагогика ғылымдарының магистрі А.Кудеринованың қолынан сертификат алдым.


13.05-24.05.2024ж Астана қаласы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығынан біліктілікті арттыру курсы.
«Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі» тақырыбында 80 академиялық сағат кӛлемінде курсынан өтіп, сертификат алдым. Бағдарлама бойынша 2 тест тапсырып, 1-ші тесттен -90 балл, 2-ші тесттен 100 балл жинадым.



