06
июнь
2025
Лагерьдің жабылуы
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерь жабылу салтанаты өтті. Акт залында оқушыларға іс-шара өтілді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Патриоттық тәрбие беру мақсатында қаламыздың көрнекті жерлерге, кино театрларға, мәдени мұраға байланысты экскурцияға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне кесте бойынша шығып отырдық. Оқушылардың лагерден алған әсерлерін әңгімелей білуге, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көз қарасын дамыту. Шешендік, тапқырлық өнерін байқау. Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу. Мектеп жанындағы лагерьдің соңғы аптасы балалар үшін көңілді де қызықты болып өте шықты. «Менің естен кетпес күндерім» шығарма сайысы, «Кел, ойнайық, күлейік» спорттық сайыс және басқа да шаралар балалардың көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар лагерьде уақыттарын көңілді де тартымды, мазмұнды өткізді. Лагерь жабылу салтанатында іс-шарасында оқушыларды мектеп директоры Кенжебаева Тоғжан апай арнайы марапатпен марапаттады.

