Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясындағы әлеуметтік педагогтың 2024-2025 оқу жылындағы есебі
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясындағы Әлеуметтік педагогтың оқу жылына арналған жұмыс жоспарын жасап оқу жылында жүзеге асырылды.
Мектептің әлеуметтік паспортын Ұлттық білім беру декректер қоры» ақпарпттық жүйесінде жаңарту және құру мақсатында мектептегі сынып жетекшілерден мәлімет алынды.
Оқушылардың әлеуметтік жағдайын сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жиналып бірлесе отырып зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 2024-2025 оқу жылының басында 1843 оқушы болды. Оның ішінде
Жалпы оқушылар туралы мәлімет | Саны | Пайызы | |
Жалпы оқушы | 1843 | 100% | |
Ұл бала | 936 | 50,7% | |
Қыз бала | 907 | 49% | |
Ата-ана қамқорлығынсызқалған оқушылар | 4 | 0,2% | |
Жартылай жетім оқушы | 63 | 3,4% | |
Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар | 16 | 0,8% | |
Мүгедек отбасынан шыққан оқушы | 10 | 0,5% | |
Өгей әке-шешесімен тұратын отбасы балалары | 4 | 0,2% | |
Үйде оқитын оқушы | 18 | 0,9% | |
Көп балалы отбасынан шыққан оқушы | 815 | 44% | |
Ата-анасынан бөлек тұратын оқушы | 4 | 0,2% | |
Өгей ата-анамен тұратын отбаснан шыққан | 4 | 0,2% | |
Толық емес отбасынан шыққан оқушылар | 21 | 1% |

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 4- бөлім 15- тарау жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құжаттары тізімі нақтыланып құжаттары жинақталып жеке әр оқушыға папака жасалынды.Әр оқушыға жеке кортатека жасалынды.
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жартылай жетім, толық емес,көп балалы, сәтсіз отбасынан шыққан т.б оқушылар оқулықпен толық қамтылды.Осы аталған оқушылармен жұмыс жүргізу мақсатында 02.09.2024 жылғы бұйрығы негізінде «Жалпыға білім беру қоры» есебінен 1-4 бастауыш сынып оқушылары және әлеуметтік санаттағы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында бастауыш сыныптардан 627- оқушы, 5-9 сыныптар арасында 62- оқушының тізімі жасалып бекітілді.
Жылына екі рет қыркүйек,қаңтар айларында Жалпыға білім беру қоры есесбінен ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары,сауалнамалар жүргізілді.