"Көрісу күні" аталып өтті
Наурыз айының 14- күні Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп- гимназиясында «Көрісу күні» аталып өтті. Көрісу – қыстан аман шығып, жаңа өмірге, жаңа күнге аяқ басқан халықтың шүкіршілік етуінен туған мереке. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, бір-бірімен аман қауышқанына қуанады. Жасы кішілер үлкенге көрісіп, құрмет көрсетеді. Өйткені, наурызда табиғат жаңарып, халық жаңа өмірге ізгі қадаммен аяқ басады. Бұрынғы өкпе-реніш ұмытылып, тыныштыққа, берекелі тірлікке шүкіршілік етеді.
Көрісу — қазақ халқының ізеттілік пен көрегенділікке, ауызбіршілік пен бауырмалдылыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Сондай-ақ, халық арасында: «Амал күні кімде-кім қырық адаммен көрісер болса, Құдай тағала күнәларын кешіріп, дұға-тілектерін қабыл етер» деген де сенім бар. Бұл күні әрбір шаңырықта дастархан жайылып, ет асылып, «Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын», «Жыл құтты болсын!» деген ақ-жарма тілектер айтылады. Ренжіскендер татуласады.
Бүгінгі өтілген іс шараның мақсаты да осы айтылғандарды бала бойына сіңірту,түсіндіру.
#gani.beisembayev


