"Қоғамдық тәртіп негіздері" іс-шара өттік
Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп - гимназиясында «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбы бойынша мектебіміздің 7 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өттік.
Мақсатымыз: Оқушыларға құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік ұғымының мағынасын ашып беру. Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.
Оқушыларға сұрақтар қойылды:
Тәрбиелі қыздар көпшілік ортада өздерін қалай ұстау керек?
Кітапханада оқушылар өздерін қалай ұстау керек?
Мұражай мен көрмеде оқушылар өзін қалай ұстау керек?
Театрда оқушылар өздерін қалай ұстау керек?
Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? және т.б. оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді, пікірталасқа қатысып отырған оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қойды.
«Білген сайын келедi бiле бергім»
Қорытындылай келе бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыз өз деңгейінде өтті.
Ұйымдастырған мектебіміздің аға тәлімгері Касымбекова Айымкул Шкурбаевна.


